Өңірдегі денсаулық сақтау жүйесін жақсартуда мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 27 апреля, печатный экземпляр отправим 1 мая.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №5 (109) март-1 2016 г.

Дата публикации: 14.03.2016

Статья просмотрена: 238 раз

Библиографическое описание:

Умирзакова, М. А. Өңірдегі денсаулық сақтау жүйесін жақсартуда мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту / М. А. Умирзакова, А. О. Казакаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2016. — № 5.5 (109.5). — С. 58-60. — URL: https://moluch.ru/archive/109/26865/ (дата обращения: 19.04.2024).



Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік бүгінгі күні денсаулық сақтаудағы мемлекеттік және жеке меншік сектор арасындағы әріптестіктің қажетті әрі маңызды формасы. Соңғы кезде осы мәселеге ерекше көңіл бөлінуде.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев 2010 жылғы халыққа арнаған Жолдауында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тетігі мемлекет экономикасына жеке инвестицияларды тартуда үлкен әлеует екенін атап көрсетті. Жалпы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік (МЖС) экономикалық өсімді ынталандыру және жекеменшік сектордың экономикаға қатысуын кеңейту әдісі болып саналады. Біз мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті денсаулық сақтау саласындағы инфрақұрылымдық жобаларға инвестициялар тарту, шағын және орта бизнес үшін мүмкіндіктерді кеңейту, сондай-ақ, халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартудың жолы ретінде қарастырудамыз.

Денсаулық сақтау саласының мамандарының зерттеулері бойынша мемлекет тарапынан қолдау болған жағдайда мемлекеттік-жекеменшік серіктестікке бизнес өкілдерінің қызығушылық танытатынындығы байқалған. Айталық, Германияда келісілген инвестиция сомасы қамтамасыз етіліп, мемлекеттік тапсырыс бойынша міндеттемелер орындалған жағдайда, мемлекеттік емдеу-профилактикалық мекемелерді инвесторларға аз сомаға сату тәжірибесі кеңінен тараған. Соның нәтижесінде жекеменшік емдеу мекемелерінің үлесі соңғы 10 жылдың ішінде 4 пайыздан 22 пайызға дейін артқан. Швецияда жеке инвесторлармен арада мемлекеттік госпитальдарды басқару, жедел көмек көрсету, зертханалық және өзге де медициналық қызметтерді көрсету жөнінде келісімшарттар жасалады. МЖС тәжірибесі енгізілгелі бері рентгендік қызметтер құны 50 пайыз, диагностика және емдеуді күту уақыты 30 пайыз, жедел жәрдем құны 10 пайыз, зертханалық қызметтер құны 30 пайыз төмендеген.

Австралияда 50 госпиталь жекешелендіріліп, жаңа ауруханалардың дизайны, құрылысы және оларды басқаруға жеке операторларды іріктеу тәжірибесі қолданылады. Келісім 15 жыл басқару, белгіленген бағалар бойынша барлық азаматтарға қызмет көрсету және медициналық қызмет көрсету сапасын бақылау сияқты ерекше шарттарды қамтиды. МЖС институтын енгізу нәтижесінде жаңа емдеу-диагностикалық мекемелердің құрылысына кететін шығын 20 пайыз, қызмет көрсетілетін науқастар саны 30 пайыз, емдеуді күту ұзақтығы 30 пайыз азайған [1].

Елімізде медициналық қызмет нарығында нағыз бәсекелестік қалыптасқан. Мемлекеттік және жеке ұйымдар үшін тең жағдай жасаудың арқасында медициналық қызметтерді мемлекеттік емес жеткізушілердің үлесі 16 пайызға артқан. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында бюджетке жүктемелерді төмендету әрі медициналық қызметтер сапасын арттыру үшін министрлікпен ұзақ мерзімді болашақта денсаулық сақтау саласында мемлекеттік жеке әріптестікті енгізу әрі дамыту бойынша салалық стратегия қабылданатын болады. Стратегия аясында жобалау, құрылыс, сенімді басқаруға беру, медициналық және медициналық емес қызметтерді қамтитын мемлекет жеке әріптестіктің халықаралық танылған сызбасын пайдалану қарастырылуда.

Қазіргі уақытта науқастарға жоспарлы түрде емделу үшін өзі қалаған кез-келген медициналық ұйымды таңдау құқығы берілген. Бұл өз кезегінде көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттыруға күшті ықпал етті. Өйткені, денсаулық сақтау саласында бәсекелестік орта пайда болды. Біріншіден, бұл төсек-орындарға тәуелділіктен арылтып, екіншіден, жаңа жүйеде науқас басты тұлғаға айналды [2].

Халық денсаулығы –мемлекет дамуының көрсеткіштерінің бірі. Әлемдік тәжірибеде алпауыт елдердің өзі бүкіл денсаулық саласын тек мемлекеттік бюджетпен қамтамасыз етуге қауқарсыз. Осы тұрғыда дамыған елдерде мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің ролі үлкен.

Денсаулық сақтау саласында МЖС- тің тетігін құрудың негізгі мақсаты — қаржыландырудың жаңа нысандарын және әдістерін енгізу, Бірыңғай төлеуші шеңберінде бәсекелестікті дамыту, мемлекеттік және ведомстволық медициналық объектілерді басқаруға жеке инвестицияларды жұмылдыру, ұйымдарды сенімгерлік басқаруға беру.

Денсаулық сақтау министрлігі алдына қойған мақсат бойынша кейіннен МЖӘ пайдалана отырып, «100 мектеп, 100 аурухана салу» және «350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункттер мен емханалар салу» жобаларын оңтайландыру денсаулық сақтау саласында инвестициялық шығыстарды үнемдеуге және қаражатты МСАК қаржыландыруды ұлғайтуға жіберуге мүмкіндік бермек [3].

SANTO академиялық бағдарламасы — бұл SANTO компаниясының денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік немесе жеке серіктестік аясында 2013 жылы бастау алған негізгі оқыту жобасы.

Жобаның мақсаты- фармацевтикалық өндіріс сапасын халықаралық стандарттар деңгейіне дейін жеткізу болып табылады. 2013 жылдың 22 мамырында Шетелдік Инвесторлар Кеңесінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде білім беру саласында инновациялық дамыту үшін қажетті кадрлармен және халықаралық дәрежесі бар инженерлік және техникалық кадрлардың қажеттіліктерімен қамтамасыз ету керектігін атап өтті. Оған қоса жергілікті мамандар құрамынан жоғары кәсіби кадрлық құрам жинау мақсатында шетелдік мамандарды тарту және оқыту жоспары мен методикалар түзу барысында бизнесті қатыстыру туралы ой тасталды.

2013 жылдың 24 мамырында SANTO компаниясы Астана Медициналық Университетімен бірлесіп өзара түсіністік Меморандумына қол қою рәсімін өткізді. Меморандум мақсаты серіктестік пен оқыту жүйесін қолдаумен қатар, мына бағыттар арқылы жүзеге асырылады:

1.Бірлесіп оқыту іс-шараларын өткізу мен ұйымдастыру, оның ішінде тағылымдама ұйымдастыру, оқыту конференциялары мен зерттемелер өткізу;

2. Жас ғалымдар мен студенттерге арналған фармакология саласында ғылыми жұмыс пен зерттемелер байқауын ұйымдастыру [4].

Еліміз дамуының жаңа кезеңінде мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі адами әлеуеттің деңгейін, атап айтқанда, медициналық қызмет көрсету сапасын және қолжетімділігін арттыру, саламатты өмір салтын насихаттау.

Адам денсаулығына салиқалы жауапкершілікпен қарауы мемлекеттің емес, әрбір жанның өз міндеті. «100 нақты қадам» — Ұлт жоспарының жүзеге асуы бойынша пікірін білдірген Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың директоры Абай Байгенжин осындай пікірде. Дәрігердің айтуынша, қазіргі жоба әрбір тұрғын денсаулығына тікелей өзі ғана жауапты болғанын көздейді. Мемлекет бұл ретте халық үшін қаржылай жауапкершілікті мойнына алуға міндетті емес. Тұрғындар ұқыптылыққа дағдыланып, табысының бір бөлігін денсаулығыма деп жинап отыруы тиіс. Мұндай тәртіп жұмыс берушіні де қамтиды. Әрбір қызметкері үшін салым жасайды. Ал Үкімет қоғам үшін қажетті заңдарды қабылдап, әлеуметтік жағдайына қарай жік-жікке бөлінбейтіндей, құқығы тапталмайтындай жағдай жасайды [5].

Қазақстандағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (әрі қарай — МӘМС) Мемлекет басшысының тапсырмасы Ұлт жоспары — бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамының 80 қадамын жүзеге асыру және Денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық" 2016–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында енгізіліп отырғанын еске салды.

«100 нақты қадам» — Ұлт жоспарының 80,81,82 қадамдарда денсаулық сақтау жүйесіне баса назар аударылған. Өйткені халық денсаулығы жағдайының деңгейi өз кезегiнде, елдiң әлеуметтiк-экономикалық, мәдени және индустриялық даму шамасын айқындайды.

Мемлекет басшысы халыққа жолдауында жеке меншік медицинаның дамуына жағдай туғызу қажеттігіне тоқталды. «Барлық дамыған елдерде медициналық қызметтердің айтарлықтай бөлігін жекеменшік сектор көрсетеді. Біз жеке ауруханалар мен емханаларға тезірек көшуге жағдай туғызуға тиіспіз», — деді Нұрсұлтан Назарбаев. Бүгінгі таңда жекеменшік компаниялардың үлесі аурухана секторында — 13 пайызды, ал емханалар бойынша — 25 пайызды құрайды. Ортақ ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу аясында министрлік жанынан комитет есебінде бірыңғай төлем институты құрылып, онда стационарлық қызметтерге төленетін барлық қаражат шоғырландырылды. Елімізде стационарлық қызмет көрсетуге бірыңғай тарифтер бекітіліп, «ақша науқаспен бірге жүреді» қағидасы іске асырылды. Қаржыландырудың жаңа қағидасының нәтижесінде жекеменшік емдеу ұйымдарының үлесі 16 пайызға дейін ұлғайды. Сондай-ақ, бірқатар емдік-диагностикалық қызметтерді бәсекелестік ортаға беру тәжірибесі қолға алынуда. Атап айтарлығы, бұл тәжірибенің оң нәтижесі бар. Нақты мысал ретінде гемодиализ қызметінің 90 пайызын жекеменшік мекемелер атқарып отырғанын айтуға болады. Оған қоса, денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті енгізу және дамыту стратегиясы дайындалды. Осы бағытта ауруханалар мен емханаларды жекеменшік компанияларға, ірі медициналық басқармаларға жалға және сенімді басқаруға беру тәжірибесі жүзеге асырылуда [6].

Қызылорда облысы денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту жөніндегі ілкі жобаны жүзеге асыруды қолға алған Қазақстандағы бес облыстың қатарына енді. Шын мәнінде жобаның тиімді екені байқалады, ол табысты жүзеге асырылған жағдайда медициналық қызметтің сапасына байланысты көптеген проблемаларды шешуге болады

Денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің тиімділігін арттыру өте маңызды. Ол үшін: Бәсекелестік ортаны құру, медициналық қызметтердің сапасын арттыру, басқару тиімділігін арттыру, сондай-ақ тиісті бюджет шығыстарын азайту мақсатында жекеменшік компанияларды мемлекеттік және ведомстволық медициналық объектілерді басқаруға тарту және денсаулық сақтау саласындағы жекеменшік секторды дамыту жоспарланып отыр. Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік, объектілерді, мүлікті, жабдықтарды жалға беру, жекеменшік компанияларға сенімгерлік басқаруға беру кеңінен пайдаланылып, ынталандырушы тарифтік саясат енгізілетін болады. Әкімшілік кедергілер, корпоративтік медициналық ұйымдар мен қызметтерді ұстау жойылатын болады.

Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамытуда төмендегі жағдайлар ескерілу қажет:

—денсаулық сақтау саласында жекеменшік секторды дамыту үшін тиісті нормативтік және әдіснамалық базаны жоспарлы түрде жетілдіру;

—артық әкімшілік кедергілерді жою;

—ТМККК көрсетуге мүдделі бағдарланған корпоративтік медициналық желілер мен ұйымдарды қолдау мен дамытудың, аурулардың профилактикасының мемлекеттік бағдарламаларын іске асырудың және халықтың салауатты өмір салтын нығайтудың тетіктерін әзірлеу және енгізу, оның ішінде мемлекеттік тапсырысты орындауға медициналық қызметтерді ұсынушы жекеменшік өнім берушілерді тарту бойынша шаралар қабылдау;

—жекелеген денсаулық сақтау объектілерін салу, жекешелендіру, негізгі құралдарды (ғимараттар, жабдықтар) сенімгерлік басқаруға және жекеменшік медицина ұйымдарына ұзақ мерзімді жалға беруді қамтитын денсаулық сақтаудағы мемлекеттік-жеке меншік серіктестік бағдарламасын кезең-кезеңмен іске асыру [7].

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тетіктерін тиімді енгізу салаға жеке инвестицияларды тарту жолымен денсаулық сақтау жүйесін дамытудың жаңа сапалы, ұтымды деңгейге көтеруге мүмкіндік береді деп күтілуде.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Сейлова А. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік — отандық медицинаның жаңа белесі //Егемен Қазақстан. 2013 16 тамыз.
  2. Жиенбай М. Ұлт денсаулығы — табысты болашақ негізі. http://new.inform.kz
  3. Омарқұлова М. Серіктестік салдары қандай болмақ.. ttp://www.zhardem.kz/news
  4. http://www.santo.kz/kz/social/academic-program.php
  5. Медициналық сақтандыру қоғамды әлеуметтік жағдайына қарай жіктемейді — www.24.kz, 2016 жылғы 4 ақпан
  6. Табынұлы Т. Ұлт саулығы-кедешегіміздің кепілі.//Түркістан.2013, 7 қараша
  7. Узакбаева А., Абдимомынова А. Ш.Региональное антикризисное управление: теоретический аспект. Молодой ученый. 2015. № 7. С. 505–508.
Основные термины (генерируются автоматически): SANTO, мена.


Похожие статьи

Основные понятия и определения инноваций и инновационных...

В данной статье рассматриваются основные понятия и определения инноваций, включая инновационные процессы и теорию инновационного развития.

Америпол как потенциальный партнер России в борьбе...

29 ноября 2012 года был проведен 5 Саммит Америпола в городе Санто — Доминго (Доминиканская Республика).

Подполковник Джеймс Мена Вальехо.

Художественное своеобразие произведений С. Кинга

Штат Мен, где рос будущий писатель, был консервативен, население которого в большинстве поддерживало Республиканскую партию.

Опреснение воды: современное состояние и перспективы развития

Доступ к водным ресурсам имеет решающее значение для благосостояния людей во всех сферах жизни — личной, семейной и общественной.

Сущность финансовых ресурсов, их значение для компании

...а так же дополнительным взносам средств в уставный капитал, бюджетным ассигнованиям, конверсии заемных средств в собственные (например, обмен облигаций на обычные или...

Инновация как результат и процесс | Статья в журнале...

Основной мировой тенденцией формирования современного общества является переход от сырьевой и индустриальной экономики к так называемой «новой» экономике...

Основные принципы правового регулирования принудительного...

...в отдельных случаях, можно рассматривать только тогда, когда в отношении нанимателя были предприняты исчерпывающие мены, предусмотренные российским законодательством.

Парабены и их влияние на организм человека | Статья в журнале...

С развитием косметической и фармацевтической промышленности с каждым годом все больше и больше разрабатываются различные химические добавки, вещества...

Молодой ученый — издательство

Ресурс включает разделы, содержащие ежемесячные и архивные издания научной периодики, актуальную информацию и анонсы о проводимых научных собраниях и международных конференциях молодых ученых. Есть раздел о правилах оформления и публикаций статей.

Приемы перевода интернациональных реалий | Статья в сборнике...

Под языком мы подразумеваем, использование знаков, которые, не будучи предметами или явлениями, к ним приравниваются условно; язык-это обмен знаками.

Похожие статьи

Основные понятия и определения инноваций и инновационных...

В данной статье рассматриваются основные понятия и определения инноваций, включая инновационные процессы и теорию инновационного развития.

Америпол как потенциальный партнер России в борьбе...

29 ноября 2012 года был проведен 5 Саммит Америпола в городе Санто — Доминго (Доминиканская Республика).

Подполковник Джеймс Мена Вальехо.

Художественное своеобразие произведений С. Кинга

Штат Мен, где рос будущий писатель, был консервативен, население которого в большинстве поддерживало Республиканскую партию.

Опреснение воды: современное состояние и перспективы развития

Доступ к водным ресурсам имеет решающее значение для благосостояния людей во всех сферах жизни — личной, семейной и общественной.

Сущность финансовых ресурсов, их значение для компании

...а так же дополнительным взносам средств в уставный капитал, бюджетным ассигнованиям, конверсии заемных средств в собственные (например, обмен облигаций на обычные или...

Инновация как результат и процесс | Статья в журнале...

Основной мировой тенденцией формирования современного общества является переход от сырьевой и индустриальной экономики к так называемой «новой» экономике...

Основные принципы правового регулирования принудительного...

...в отдельных случаях, можно рассматривать только тогда, когда в отношении нанимателя были предприняты исчерпывающие мены, предусмотренные российским законодательством.

Парабены и их влияние на организм человека | Статья в журнале...

С развитием косметической и фармацевтической промышленности с каждым годом все больше и больше разрабатываются различные химические добавки, вещества...

Молодой ученый — издательство

Ресурс включает разделы, содержащие ежемесячные и архивные издания научной периодики, актуальную информацию и анонсы о проводимых научных собраниях и международных конференциях молодых ученых. Есть раздел о правилах оформления и публикаций статей.

Приемы перевода интернациональных реалий | Статья в сборнике...

Под языком мы подразумеваем, использование знаков, которые, не будучи предметами или явлениями, к ним приравниваются условно; язык-это обмен знаками.

Задать вопрос