Заманауи мұғалімнің этномәдени креотосферасы біртұтас әлеуметті-педагогикалық феномен ретінде | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №5 (109) март-1 2016 г.

Дата публикации: 07.03.2016

Статья просмотрена: 181 раз

Библиографическое описание:

Ибрагимова, А. А. Заманауи мұғалімнің этномәдени креотосферасы біртұтас әлеуметті-педагогикалық феномен ретінде / А. А. Ибрагимова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2016. — № 5.3 (109.3). — С. 13-14. — URL: https://moluch.ru/archive/109/26752/ (дата обращения: 24.04.2024).

Қазақстанның этномәдени білімі тарихи бастауын еліміздің аумағында мәдени-әлеуметтік құбылыстар пайда болған кезеңнен басталып, күні бүгінге дейін желісі үзілмей келе жатқан тарих. Қазақ халқы осы тарих пен мәдениеттің заңды мұрагері. Қазақстандық этномәдени білімнің генезисінде халқымыз бастан кешкен көшпелілер өркениетінің, түркі мәдениетінің, Еуразия әлемінің, әлемдік құндылықтардың қалыптасу, даму кезеңдерінің мәні мен мазмұны бар [1].

Бүгінгі таңда ғылыми әдебиеттерде қазіргі этномәдени білім беруді сипаттайтын анықтамаларды қарастыра отырып, этномәдени білім берудің құрылымдық бөліктерін анықтауға болады:

—өзінің төл мәдениетін саналы, сыни тұрғыдан игеру нәтижесінде оқушыларды мәдениетаралық толеранттылыққа тәрбиелеу;

—этномәдени дәстүрлерді танып-білуде бейнеленген жеке тұлғалық мәнге ие болуын қамтамасыз ететін оқушылардың әлеуметтік ортада өзін-өзі танып-білуі мен өзін-өзі жүзеге асыруы;

—тұлғаның этномәдени сабақтастығының траекториясы мен оны мәдениетаралық диалогқа дайындау жағдайында педагогтар мен оқушылардың әлеуметтік өзара әрекеті.

Кез келген этнопедагогикалық құбылыстар мен фактілерді оқып-зерттеу мен оларға сипаттама беру үшін теориялық-әдіснамалық аппаратты қолданбай іске асыру мүмкін емес. Этномәдени білім беруді әртүрлі әдіснамалық тұрғыдан қарастыруға болады.

Мәдениеттанушылық тұрғыдан қарастыратын болсақ, этномәдени білімнің дамуы түрлі өркениет пен мәдениеттердің күрделі өзара әрекеті жағдайында өтіп, сонымен қатар ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан тіл, салт-дәстүр, ұлттық мәдениет, этномәдени білімнің негізі болып табылады. Бесік жырынан басталатын ұлттық мәдениетке баулу дәстүрлері түркі халқына тән негізгі салт болып саналады.

Тұлғалық ықпалдылық тұрғыдан — әр тұлғаға оның жас ерекшелігімен қоса мінез-құлқы, психологиялық жаратылысына байланысты әрекет ете отырып, оның бойындағы құндылық қасиеттерін дамытуға ықпал ету.

Жүйелілік тұрғыдан алсақ, оқушыларға этномәдени білім беруде, этномәдени білім мазмұны жүйелі және бірізділікпен берілуі оқушының ұлттық санасы мен танымын қалыптастыруға әсер ету.

Әлеуметтік тұрғыдан ықпал ету тұғыры — әлеуметтік орта мен тәрбиелік кеңістікті орнықтыру, тұлғаны әлеуметтендіру үрдісі, әлеуметтік қарым-қатынас негізінде тұлғаның этномәдени құндылығын қалыптастыруға бағытталады [2].

Заманауи мұғалімнің негізгі міндеттердің бірі оның шығармашылық қабілеттілігі. Шығармашыл ұстаз қоғамдағы болып жатқан өзгерістерді бақылай отырып, оқу үрдісінде мектеп жүйесіндегі оқушылардың бүгінгі күннің талаптарына сай алғыр және мобильді болуын талап ете алады.

Мұғалімінің креативтілігі — бұл оның шығармашылығын жеке кәсіби сапасы ретінде қарастыратын, интегралдық ерекшелігі бар, яғни, өзінің шығарашылық қабілеттілігін паш ете алатын, қабілеттілігімен әлеуеттілігін, мұғалім қызметінде әртүрлі деңгейде көрсете алатын: педагогикалық қарым-қатынаста, педагогкалық еңбекте, заманауи сабақты инновациялық тұрғыдан дайындаудағы қабілеттілігі [3].

Қазіргі кезде креативті дамуды, жаңалығымен түпнұсқалығын бағдарлайтын инновациялық процестермен байланыстыра отырып, мәденишығармашылық әдістер арқылы, қазақтың халық шығармашылығымен және әртүрлі фольклор түрлерінің заманауи қолданыстағы үлгілеріне сүйеніп, үздіксіз қазақстандық музыкалық білім беру жүйесінің мазмұнына кірігу арқылы жүзеге асыруға болады.

Фольклор зерттеуші мамандар фольклор шығармаларының сапамен ерекшеленетінін айтады: ауызша жеткізе білу, дәстүрлілігімен (ұрпақтан-ұрпаққа жету арқылы), ұйымшылдық (шығармаларды шығаруда, дамытуда), полиэлементті құрылым синкретизмінде, тұрмыспен байланыста, халықтың еңбегімен дәстүрінің байланысында.

Фольклорлық үлгілерге сүйене отырып оларды оқу, шығармашылық процеске кіріктіру, өзіндік нұсқаулар беру және талдау жасау, мұғалімнің шығармашылық қабілеттін арттырып, этномәден креатосферасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Заманауи мұғалімінің этномәдени креотосферасын біртұтас әлеуметті-педагогикалық феномен аймағында анықтау үшін заманауи жағдайда төменде көрсетілген жүйелерге сүйенуге болады:

— жалпыдан, жасанды жасалған этномәдени тәрбие беруді бөліп алу, оқу және білімділік-тәрбиелік процесінде қосымша ретінде оның функционалды рөлін шектеу;

— мұғалімінің этномәдени креатосферасын теориялық және тәжірибелік деңгейде түсінуі, оның мектеп оқушыларының музыкалық-эстетикалық тәрбиесіне және музыка педагогының өзіне әсері;

— этномәдени тәрбиеге сыртқы бірбағытты әсер ету көзқарасын өзгерту;

— оқу орнында этномәдени тәрбие беру қызметін, оқу орнынан тыс жерлерде дамытуға жағдай жасау [4].

Әр дәуірдегі халық музыка мәдениетін және өзге де халықтардың мәдениетін білу өзіңді түсінуге, ұлттық мәдениетпен байланысыңды сезінуге, сонымен қатар басқа халықтардың мәдениетін ұғынуға жол табады. Сонымен бірге мәдени құндылықтар, соның ішінде музыкалық, моральді, этикалық және музыкалық-эстетикалық құндылықтардың қайта жандану процесінде шешуші рөл атқарады. Ресей зерттеушісі Киященко Н. И. айтуынша музыка, жеке тұлғаның, этностың, ұлттың және әлеуметтің ділін ала жүріп, адам қауымдастығының «генетикалық кодында» жасырылған, өз бойына ең үздігін сіңіре алатын жеке тұлғаның қалыптасуына көмектеседі [5].

Заманауи мұғалімінің этномәдени креатосферасын дамыту, оның шығармашылығындағы сан-қырлы фольклор материалдары, оның жеке кәсіби сапасының нақты дамуына мүмкіндік беріп және бір уақытта мынадай сапаларға, яғни, креативтілікке, патриотизм және төзімділікке оқушыларды тәрбиелеп, оқу-кәсіби қызметімен, ұлттық дәстүрлермен және заманауи музыкалық білім беру жүйесіндегі әлеуметті-педагогикалық феномен ретінде байланыстыра алады.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының этномәдени білім беру тұжырымдамасы Алматы, 1996
  2. Қуатқызы Ә.С.Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім берудің қалыптасуы мен дамуы /автореферат/ Қарағанды, 2010
  3. Мемлекеттік жоғары кәсіби білім беру стандарты 050106 Музыкалық білім мамандығы — Астана, 2010
  4. Афанасьева А. Б. Сущность и проблемы этнокультурного образованияв современной поликультурной среде //Ақпараттық-әдістемелік журнал BiZ-Bote, 2012, № 3–4, Б.10–16.
  5. Киященко Н. И. Искусство и всестороннее развитие личности // Новый человек. Алма-Ата, 1966.
Основные термины (генерируются автоматически): мена.

Похожие статьи

Понятие и значение непоименованного договора | Молодой ученый

Интересно, правда, что в результате эволюции договор мены переместился в группу поименованных договоров.

Нормативное регулирование и учет внешнеторговых бартерных...

В ГК РФ бартеру или договору мены посвящена гл. 31 «Мена». Статья 567 ГК РФ дает следующее определение договора мены.

Поэма «О свойствах трав» как источник по истории медицины

О создателе поэмы, Одо из Мена (Мен-на-Луаре, Magdunum) известно крайне мало. Скорее всего, он получил светское медицинское образование, вероятно в Туре...

Проблемы применения законодательства о праве...

правилам, установленным законодательством РФ и существу мены, из чего можно сделать вывод, что преимущественное право покупки земельного участка субъектом является...

Художественное своеобразие произведений С. Кинга

Штат Мен, где рос будущий писатель, был консервативен, население которого в большинстве поддерживало Республиканскую партию.

Международно-правовое регулирование внешнеэкономической...

К внешнеэкономическим сделкам следует относить договора подряда, мены, договора на предоставление различных услуг по оказанию технического содействия в сооружении...

Непоименованные и смешанные договорные конструкции...

...закрепленных законодателем в действующем Гражданском кодексе Российской Федерации (далее по тексту — ГК РФ), таких как, например, купля-продажа, дарение, мена...

Особенности современного молодежного сленга

...то есть употребление различных наименований одного и того же явления или предмета так выражения: чел, мен, чувак, тип означают человека без изменения эмоционального окраса.

Лингвистические особенности англоязычных рекламных слоганов

Наиболее простой из них — это мена (актуализация) элементов известного фразеологизма. Один либо несколько элементов устойчивого сочетания заменяется другим (другими)...

Педагогика ғылымының жүйесі мен салалары | Статья в журнале...

Мақалада педагогика ғылымының жүйесімен салалары көрсетіледі: жалпы педагогика; кезеңдер педагогикасы; əлеуметтік педагогика; арнайы педагогика. Авторлардың пікірінше әрбір бала...

Задать вопрос