Лексикалық тұлғалар жасалуындағы көнеленген жатыс септік жалғауының орны | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 27 апреля, печатный экземпляр отправим 1 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №5 (109) март-1 2016 г.

Дата публикации: 30.03.2016

Статья просмотрена: 364 раза

Библиографическое описание:

Байдаулетова, А. У. Лексикалық тұлғалар жасалуындағы көнеленген жатыс септік жалғауының орны / А. У. Байдаулетова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2016. — № 5.2 (109.2). — С. 56-58. — URL: https://moluch.ru/archive/109/26719/ (дата обращения: 19.04.2024).



Септік парадигмасындағы жатыс септігінің шығу тарихы көне жазбалар тіліне қатысты сөз болып, өзінің бастауын әріректен алады. Бұл септіктің ұзақ тарихи даму жолы бар дегенімізбен дыбыстық, құрамы жағынан алғашқы қалпын сақтаған бірден-бір септік болып табылады. Алайда тілдің тарихи даму барысында грамматикалық қызметтердің жіктелуі, қолданылуы, семантикалық дамуы жағынан жатыс септігінің өзгеріп отырғандығы көрінеді. Олай деп отырған себебіміз, жатыс септік көп функциялы болып келген. Жатыс септік тұлғасы шығыс септігінің де, барыс септігінің де қызметін атқарған. Тіпті шығыс септік қызметін атқарғандығын қазіргі тілдік тұрғыдан сирек болса да кездестіреміз. Мысалы: қалада кездестірдім, қаладан кездестірдім; көшеде көрдім, көшеден көрдім т.б. Қазіргі қазақ тілінің тұрғысынан жатыс септігі мен шығыс септігінің мұндай қолданыстары әдеби норма болып есептелінеді. Себебі бұл септік жалғауларының қолданылуында айтарлықтай семантикалық айырмашылық байқалмайды. Сондықтан да мұндай қолданыс шығыс, көмектес септіктерінің тұлғалық жағынан әлі қалыптаспаған немесе енді ғана қалыптаса бастаған дәуірлерінен қалған іздер болуы мүмкін. Бұл жалғаудың беретін негізгі мағынасы қазіргі дәуірге дейін өзгеріссіз жетсе, қызметі мен етістіктерге қатысы жөнінен кейбір ерекшеліктердің болғандығы анық.

Зерттеуге арқау болып отырған көнеленген септік жалғаулары ішінде жатыс септігі арқылы жасалған туынды сөздер тілімізде көптеп кездеседі. Бұл басқа септік жалғауларына қарағанда жатыс септік жалғауының қолданылу өрісінің кең екендігін көрсетеді және бұл ерекшелігі туынды сөз жасауда да сақталып қалған.

Ғалым С. Исаев: «жатыс септігінің басты мағынасы – істің, қимылдың болу орнын, мекенін, мезгілін, көлемін, тұрағын білдіру. Жатыс септігінің мағынасы мезгіл, мекенге байланысты болғандықтан да, соған қатысты жатыс септік жалғаудың үстіне кейде функциялық сипаттағы –ғы, -гі қосымшасы да үстеліп қолданыла береді: ауыл-да-ғы үй, кісі-де-гі дүние, базар-да-ғы мал, кісіде-гі-нің кілті аспанда. Жатыс септігінде қолданылған сөз әдетте мезгіл, мекен пысықтауыш және жанама толықтауыш қызметін атқарады» дей келе, «жатыс септікті сөздердің ішінде де адвербиалданып, үстеуге айналып кеткендері аз емес: кейде, жазда, іңірде, осында, ақыр аяғында, аңдаусызда, атам заманда, оқта-текте, лезде, қапыда, іңірде», – деп [1], жатыс септік жалғауы арқылы қалыптасқан үстеу сөз табын мысалға келтірген.

Ғалым А. Ысқақов, М. Томановтар да өз еңбектерінде жатыс септік жалғауы көрсеткіштерінің көнерген сипатта кездесетінін айтып өткен. Бұл мәселе кейінгі грамматикалық еңбектерде жалғасын табуда.

Жатыс септік жалғауларының көрсеткіштері түбірге кірігу, көнеру әрекетіне қарай екіге бөлінеді: 1) түбірге дара күйінде кіріккен жатыс септік жалғауы; 2) тәуелденген түбірге кіріккен жатыс септік жалғауы.

Түбірге дара күйінде кіріккен жатыс септік жалғауы. Мысалы, Әуелде Роза «баяғы бір өкпелегені әлі тарқамай жүрген болар» деп жорып еді (Н. Ғабдуллин). Оларды әудемде толқын ығыстырып, жиекке көз ілеспей лақтырып тастайды (Р. Әутәліпов). Аузынан шыққан сөзге әдепкіде бойы мұздап, шошып қалса да, өңі қобалжыған жоқ (Ә. Нұрпейісов).Жақында алған кең бөлме, пәтері жаңа әдемі-ақ. Дүние деген әйдемде екен ғой өзі жиналмақ (Ғ. Қайырбеков).

Нұржан: демеймін бұл сөзіңді бос болады,

Жұмбақты шешсем көңілім қош болады.

Жұмбаққа әйнегі жоқ, әлі есігі,

Әуелі жансыз, ақырда құс болады (Айтыс).

Зәуеде жаза қалсаң, өзіңді де ұмытпа құда бала (Қ. Мұхамеджанов). Істеп алып әменде соңынан бармағыңды тістейсің (Б. Соқпақбаев). Тек бір рет байқаусызда әйелінің Жұмашқа айтқан сөзін естігенде селт етті (Т. Ахтанов). Жанар бүгінде өз билігі өзіндегі адам (Т. Ахтанов).Бұндайда бетке сермеген, шошайған қолдың өзі де кісінің пысына жақсы болмайды (М. Әуезов). Бәйге ат біздің теңіміз емес деп баяғыда-ақ қақсамап па едім, Ақбозды қайыр, қалғанын тағы да көреміз (Т. Әлімқұлов). Бұл жердің ой қыры жоқ, теп-тегіс қой. Қар жауған бойда жел айдап кетеді (Ә. Сәрсенбаев). Бірде жақын ағайынның Қалекең үйі мен Қожатай мағзұм үйлерінің аттарын мініп, Әзімхан деген ағайын жігіт екеуміз қашып кетіп едік (С. Сейфуллин).Беріректе нарт қызыл гүлдер шашырап сирек біткенмен, сонау қыратқа таман қоюланып, шымқай қызыл боп кетеді (Т. Ахтанов). Осы сөйлемдердегі зәуе-де, әмен-де, байқаусыз-да, бүгін-де, бұндай-да, баяғы-да, бой-да, бір-де, берірек-те сияқты үстеу сөздердің барлығы түбір мен негізге жатыс септік тұлғаларының жалғануы арқылы жасалған.

Тәуелденген түбірге кіріккен жатыс септік жалғауы.

Естіп ем ел аузынан бір аңызды,

Сол аңыз жүрегімнен жыр ағызды.

Сырламай сол қалпында ұсынайын,

Кешір, дос, олақ айтсақ мына бізді (М. Әлімбаев).

Ол (Құрмаш) басында күмілжіп ештеңе айта қоймап еді. Ақыры шынына көшті (Қ. Жұмаділов). Дүйсеннің өмір барысында хат тануының өзі жылдан-жылға дамып, ұлғая түсті (Н. Оразалин). Енді бір үш-төрт сағаттан кейін басы-қасында болып, өзі шығарған газеті оқушы қауымның қолында болады (С. Мәуленов). Ертеңінде ол жұмысқа шыққан жоқ (Қазақстан мұғалімдері). Затында бұл қорқақ емес, қорғаншақ, сақтық ойлағыш (М. Әуезов). Бұл жолмен кезінде кім жүрмеді дейсің (Т. Дәуренбеков). Бұл жаққа хат-хабар, газет-журнал айында, жылында бір-ақ келеді десті (Б. Тоғысбаев). Қашанда біреуді күтсең, заматында келе қоймайтыны бар ғой (С. Сарғасқаев). Бұл айдалып кеткенде Құрмаш нағашы апайының қолында қалыпты (С. Сарғасқаев). Берілген сөйлемдердегі қалпында, басында, барысында, басы-қасында, ертеңінде, затында, кезінде, жылында, заматында, қолында үстеу сөздері жатыс септігін тікелей қабылдамастан алдына тәуелдік жалғауының ІІІ жағын қабылдап барып (қал(ы)п+ы+нда, бас+ы+нда, барыс+ы+нда, басы-қас+ы+нда, ертең+і+нде, зат+ы+нда, кез+і+нде, жыл+ы+нда, замат+ы+нда, қол+ы+нда) қалыптасқан.

Жатыс септігінің көнеленіп, түбірмен кірігуі негізінде тек үстеу сөз таптары жасалады деген бір жақты пікір қалыптасқан (А.М. Щербак, А. Ысқақов, С. Исаев т.б.). Алайда мысалдарды жинақтап, сұрыптау барысында, септік жалғаулары арқылы шылау сөздер мен қыстырма ретінде жұмсалатын сөздердің жасалатыны анықталды.

Қазақ тіліндегі шылау сөздер зерттелуінің ғасырға жуық тарихы бар. Осы уақыт арасында шылаулар сипаттамалық тұрғыдан да, тарихи сипатта да қарастырылып, іргелі еңбектер жазылуда. Алғаш қазақ тіліндегі шылау сөздерді таптастыру А. Байтұрсынұлының еңбегінен басталады. Автордың «Тіл – құрал» еңбегінде «шылау сөз» жеке өз алдына қарастырылмай, үстеу, одағай сияқты сөз таптарымен қатар алынған. Ғалым пікірі кейінгі жылдары Қ. Жұбанов, Ғ. Бегалиев, Н. Сауранбаев, С. Аманжолов сияқты ғалымдар еңбектерінде шылаулардың морфологиялық сипаты мен түрлеріне қатысты мәселеде жалғасын тапқан. Профессор Р. Әмір жалғаулық шылауларды зерттеудің жеке нысаны ретінде алып, даму, қалыптасу ерекшеліктеріне тоқталған [2]. Автор жалғаулық шылаулардың ерекшелігін ғана сөз етеді. Қазақ тілінің тарихи синтаксисін зерттеген ғалымдар Т. Қордабаев пен Е. Ағманов шылау сөздердің тарихи сипатына тоқталып өтеді. А. Ысқақов морфология еңбегінде шылау сөздердің белгілеріне тоқталып, мағыналық топтарын жіктеп берді. Синтаксис мамандары М. Балақаев пен Т. Сайрамбаев шылау сөздердің синтаксистік ерекшеліктеріне назар аударды. Ғалымдар пікірлерін шәкірттері ары қарай дамытып, жалғастырып келеді. Қ. Қадашева көмекші сөздердің қатарында шылаулардың да сөйлем мүшелерін ұйымдастырудағы ерекшелігіне тоқталса [3], Ғ. Иманалиева шылау сөздердің сөз тіркесі синтаксисі мен сөйлем синтаксисіндегі қызметтерін зерттеген [4]. Қ. Молгаждаров шылау сөздердің тарихи қалпын түркі тілдерімен салыстыру негізінде диссертация қорғады [5]. Бұл еңбектерде септік жалғаулары арқылы қалыптасқан шылау сөздердің тілде тұрақталуы назардан тыс қалған. Мысалы, Екі-үш ай шамасында ол орысша еркін сөйлейтін болды (Б. Соқбақбаев). Әкесі қасым төре, ағалары Есенкелді, Саржанның бұл жөнінде ұстаған жолы оған жұмбақ (І. Есенберлин) деген сөйлемдердегі шамасында, жөнінде көмекші сөздері тек осы септік тұлғасында ғана жұмсалып, шылау қызметін атқарады.

Қыстырма ретінде жұмсалатын сөздердің де септік тұлғаларында қалыптасатыны арнайы еңбектерде ғана айтылды. Шынында, Жамбыл өзінің ақындық дәметкен баласына аталық аса қатал сын көзімен қараған (С. Бегалин).

Негізінде, Сәкен шығармаларындағы кемшіліктер, жазушының өсу жолындағы қиыншылықтарына берген бағамыз әлі де дұрыс (Ғ. Мүсірепов).

Асылында, бұл бөлме осы үйдің бұйым сақтайтын музейі секілді (Б. Соқпақбаев).

Тегінде, әлі күнге шейін Балзиядан үмітін үзбесе керек, үсті-үстіне хат жазып тұрады (С. Омаров). Бұл мысалдардағы шынында, негізінде, асылында, тегінде сөздері сөйлем ішінде өзге сөйлем мүшелерімен синтаксистік қатынасқа түспей, оқшау орналасқан қыстырма ретінде жұмсалатын сөздер. Жатыс септік тұлғасында қалыптасып, сөйлемге тек айтушының түрлі көзқарасын білдіріп тұр. Сонымен, сөздердің көнеленген септік жалғаулары негізінде өзге сөздерге ауысуына түбір қалпындағы сипатын сақтап, ешбір сөз түрлендіру жүйесіне енбестен, синтаксистік ықпалмен өзге сөз табы қатарына өтуі және есім сөздер белгілі септік жалғауларында тұрып, түрленуші қасиеттен алшақтап, сөйлем ішіндегі қызметіне байланысты формалары көнеленіп, өзге синтаксистік қызмет атқаруы ықпал еткен.

Әдебиет:

  1. Исаев С. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. – Алматы: Өнер, 2007. – 340 б.
  2. Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. – Алматы: Қазақ университеті, 2003. – 198 б.
  3. Қадашева Қ. Көмекші сөзді сөйлем мүшелері: филол. ғыл. канд. ... дис. – Алматы: ҚазМҰУ, 1993. – 129 б.
  4. Иманалиева Ғ. Қазақ тіліндегі шылаулар синтаксисі: филол. ғыл. канд. ... дис. – Алматы: ҚазМҰУ, 1994. – 150 б.
  5. Молгаждаров Қ.К. Көне түркі тіліндегі шылау сөздердің лексика-грамматикалық сипаты: филол. ғыл. канд. ... автореф. – Алматы, 2000 – 28 б.
Основные термины (генерируются автоматически): Алматы, мена.


Похожие статьи

Казахский национальный университет имени Аль-Фараби...

Адрес: Алматы, просп. Аль-Фараби, 71.

Казахский университет международных отношений и мировых...

Казахский университет международных отношений и мировых языков имени Абылай хана

Адрес: Казахстан, Алматы, ул. Муратбаева, 200

Сайт: http://www.ablaikhan.kz/

Казахская академия спорта и туризма (Алматы) — Молодой учёный

Казахская академия спорта и туризма

Адрес: Казахстан, Алматы, проспект Абая, 83

Сайт: http://kazast.kz

Абай шығармаларындағы «толық адам» мәселесі | Молодой ученый

2. Ғабдуллин Б. Абай және Сократ/ «Абай тағылымы», Алматы: «Жазушы», 1986. ­­­ 159-171 б. 3. Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар.

Егістік дақылдар сорттарының түрлері және олардың таралуы

Сорт ‒ ауыл шаруашылығы өндірісі құралдарының бірі. Өндіріске жергілікті және селекциялық жақсы сорттарды енгізуден өнімнің мөлшері мен шығымдылығы көбейеді...

«Мәңгілік ел» идеясы келешекке бастама | Статья в журнале...

- Алматы, "Алматы кітап" баспасы, 2005.

оса, бола, мена. Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для...

Казахская академия труда и социальных отношений (Алматы)...

Казахская академия труда и социальных отношений

Адрес: Казахстан, Алматы, ул. Наурызбай батыра, 9

Сайт: http://www.atso.kz/

Евразийская юридическая академия имени Д. А. Кунаева...

Евразийская юридическая академия имени Д. А. Кунаева

Адрес: Казахстан, Алматы, ул. Курмангазы, 107

Сайт: http://www.vuzkunaeva.kz/

Заманауи әдіс-тәсілдер арқылы оқушы шығармашылығын дамыту

Оқу құралы. - Алматы: Жазушы, 2004.

О создателе поэмы, Одо из Мена (Мен-на-Луаре, Magdunum) известно крайне мало.

Похожие статьи

Казахский национальный университет имени Аль-Фараби...

Адрес: Алматы, просп. Аль-Фараби, 71.

Казахский университет международных отношений и мировых...

Казахский университет международных отношений и мировых языков имени Абылай хана

Адрес: Казахстан, Алматы, ул. Муратбаева, 200

Сайт: http://www.ablaikhan.kz/

Казахская академия спорта и туризма (Алматы) — Молодой учёный

Казахская академия спорта и туризма

Адрес: Казахстан, Алматы, проспект Абая, 83

Сайт: http://kazast.kz

Абай шығармаларындағы «толық адам» мәселесі | Молодой ученый

2. Ғабдуллин Б. Абай және Сократ/ «Абай тағылымы», Алматы: «Жазушы», 1986. ­­­ 159-171 б. 3. Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар.

Егістік дақылдар сорттарының түрлері және олардың таралуы

Сорт ‒ ауыл шаруашылығы өндірісі құралдарының бірі. Өндіріске жергілікті және селекциялық жақсы сорттарды енгізуден өнімнің мөлшері мен шығымдылығы көбейеді...

«Мәңгілік ел» идеясы келешекке бастама | Статья в журнале...

- Алматы, "Алматы кітап" баспасы, 2005.

оса, бола, мена. Операционные системы мобильных мультимедиа устройств для...

Казахская академия труда и социальных отношений (Алматы)...

Казахская академия труда и социальных отношений

Адрес: Казахстан, Алматы, ул. Наурызбай батыра, 9

Сайт: http://www.atso.kz/

Евразийская юридическая академия имени Д. А. Кунаева...

Евразийская юридическая академия имени Д. А. Кунаева

Адрес: Казахстан, Алматы, ул. Курмангазы, 107

Сайт: http://www.vuzkunaeva.kz/

Заманауи әдіс-тәсілдер арқылы оқушы шығармашылығын дамыту

Оқу құралы. - Алматы: Жазушы, 2004.

О создателе поэмы, Одо из Мена (Мен-на-Луаре, Magdunum) известно крайне мало.

Задать вопрос