Библиографическое описание:

Насимов М. О., Паридинова Б. Ж. Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын Жаңғырту жобасы // Молодой ученый. — 2016. — №5.2. 31



Мемлекет басшысының «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласы сараптамалық дәрежесі жоғары және жаһандық әлемдегі қиындықтарды жеңуге үлес қосатын еңбек деп түсінеміз. Еңбектің негізгі идеясы қазақстандық арманның басты мақсаты жүзеге асырылып жатқан 2050-Стратегиясының негізгі бағыттарын мол жетістіктермен жетуді көздеп отыр. Жаңа арманымыз Бес институттық реформаның негізгі жолдары саналатын 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын жүзеге асырудың Жаңғырту жобасында жатыр.

Мақалада айтылған бес институттық реформаны жүзеге асыру жөніндегі мақсат-міндеттер Қазақстанның әлемдегі аса дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуына қол жеткізудің нақтылы түрде іске асырудың жоспары болып табылады. Өйткені бұл Жоспар қазақстандықтардың қажеттіліктері мен мүддесіне негізделген және құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның дамуына септігін тигізеді.

Жалпы «100 қадам» кешенді бағдарламасы еліміздің үйлесімді дамуы мен жаңғыруына мүмкіндік береді. Біздің мемлекеттілігіміз негізінде құрылған демократиялық қағидалар маңыздылығы дәлелденген тапсырмалар мемлекет дамуын жүзеге асырады.

Әлемдік қауымдастыққа мәлім, Ұлт көшбасшысының қазақстандық тәжірибеге сәтті енгізген демократиялық және нарықтық реформалары елімізді дамыта түсіп, қарқынды әлеуметтік-экономикалық даму, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз етті. Мұның барлығы әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарысы барысында сыннан өтіп, Қазақстанның берік те нық тұрақтылығын көрсетті. Сонымен бірге, 2007-2009 жылдардағы дағдарыс барысында еліміз жағымсыз факторлармен күрес сабақтарын игеруімен қатар, тұжырымдамалық дамудың жаңа мүмкіндіктерін игере алды.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген біртектілік пен біртұтастықты нығайту және дамыту, Қазақстан халқы Ассамблеясын 2025 жылға дейін дамыту және дене тәрбиесі мен спортты 2025 жылға дейін дамыту Тұжырымдамалары ел азаматтарының ұлтжандылығын дамытуға әсер етуімен қатар, алдағы уақытта экономикалық көрсеткіштерге зор ықпал жасайтындығына сенімдіміз.

Көптеген сарапшылар бағдарламалық мақаланы еліміздің экономикасы, мемлекет пен қоғамды өзгертуге қажетті мақсат пен міндеттерді нақты айқындап берді деп есептейді. Әсіресе, қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту бағытын көздеген мына сөздері: «Біз, қазіргі қазақстандықтар үшін Тәуелсіздік көпэтносты қоғамымыздың нақты жоғары өмірлік құндылығына айналды» нақты тарихи шындық болып табылады.

Тәуелсіздік жылдарында отандастарымыз ата-бабаларымыздың қиындықтарды жеңу және отансүйгіштік сезімі тәжірибесі негіздерін бойына жинады. Әлемдік қаржы дағдарысына қарамастан, Ұлт көшбасшысы белгілеп берген дамудың жаңа бағыттары еліміздің әрі қарай өркендеуіне жол ашады. Өйткені, қазіргі қазақстандық қоғам мүшелерінің тәжірибесі жетілген әрі сауатты және Мемлекет Басшысының бастамаларын қолдайды.

Мақалада Елбасы реформалар табысы ұлт бірлігіне бастайтын жол екендігін айтады. Қазақстандық этностардың Біртұтас Ұлтымызға тамаша артықшылықтар беретіндігін айта келе, көпэтностық еліміздің ортақ ұлы қазынасы екендігіне баса назар аударады. Ал өз кезегінде, Қазақстан халқы Ассамблеясы – қазақстандық біртектіліктің негізі.

Ағымдағы жылы Отандастарымыз Елбасы ұсынған Ұлт жоспарын орындауға көшті. Бағдарламалық құжат ұлттық құндылықтарымызға негізделгендіктен және баршамызға түсінікті болғандықтан біздің қоғам институттық реформаларды жүзеге асыруға дайын. Халқымыз Жаңғырту жобасынан мемлекеттілігіміз беки түсетініне, еліміздегі жаңғыру үдерісі тұрғындардың өмір сапасының жоғарылап, әл-ауқатын өсіретіндігіне сенеді.

Отандастарымыз қазіргі кезеңдегі ауыртпалықтарға қарамастан, Ел Президенті қойған міндеттерді орындай алатынына сенеміз. Нәтижесінде өркендеген, гүлденген, дамыған және қауіпсіз елімізді келер ұрпаққа қалдырамыз.

Обсуждение

Социальные комментарии Cackle