Мәңгілік ел – елдің болашағы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №5 (109) март-1 2016 г.

Дата публикации: 30.03.2016

Статья просмотрена: 23260 раз

Библиографическое описание:

Жусупбекова, М. К. Мәңгілік ел – елдің болашағы / М. К. Жусупбекова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2016. — № 5.2 (109.2). — С. 20-21. — URL: https://moluch.ru/archive/109/26706/ (дата обращения: 20.04.2024).



Біз тәуелсіз егеменді елміз.

Тәуелсіз және егеменді елдің мақсаты және міндеті – тәуелсіздікті мәңгі сақтап қалу. Ол ушін не істеу керек? Ол ушін біздің ұлттық рухты нығайтып, әдет- ғұрып пен дәстурді сақтай отырып, қазақстандық патриотизмді дамыту керек.

Осы жерде әрине, Елбасының «Мәнгілік ел» идеясы манызды орын алады.

Әрине, қазіргі Қазақстан ұлттық біркелкілік пен мәдени тұтастықты, дербестікті қалыптастырған мемлекет, бірақ «Мәнгілік ел» идеясы саяси, әлеуметтік-экономикалық егемендік пен қатар рухани тәуелсіздікке жетуді көздейді.

Mәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі – Мәңгілік Ел! Ол – барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы [1].

Мәңгілік ел дегеніміз өткен тарихымызға тағзым, бүгінгі бақытымызға мақтаныш, гүлденген келешекке сенім. Сонымен қатар, отанды сүю – бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні – осы!

«Мәңгілік Ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр деп айтуға болады. «Мәнгілік ел» ұғымы өзінің бастауын сақ, ежелгі түрік уақытынан алады деп, «Мәңгілік ел» идеясы ата бабадан мұраға қалдырылған идея деп тұжырымдауға болады. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты – Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді [1].

Біз тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында бүгінгі табыстарға жеттік. Ешкімді кемсітпей, ешкімнің тілі мен діліне нұқсан келтірмей, барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру арқылы тұрақтылықты нығайтып келеміз.

Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз – Ел бірлігі болуы керек. Осыны біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз.

Мәнғілік елдің қағидалары ҚР Конституциясынан бастау алады. Олар: қазақстанның тәуелсіздігі; ұлттық бірлік, бейбітшілік және қоғамдағы келісім; зайырлы қоғам және жоғары имандылық; индустриализация және инновация негізінде экономикалық өсу; Жалпы Енбек Қоғамы; тарих, мәдениет және тіл бірлігі; ұлттық қаупсіздік және жалпыәлемдік және аймақтық мәселелерді шешуде жахандық қатысу [2]. Осы құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық, ұлы жетістіктерімізді еселедік.

Әрине, қазіргі тәуелсіз демократиялық Қазақстан бир шама жетістіктерге жетті.

Біріншіден, біздің ел әлемдік қауымдастықта лайықты орын алды. Халықаралық қатынастарда біздің елді іскер және беделді әріптес ретінде қабылдайды.

Екіншіден, қоғам мен мемлекет құрылымын белгілейтін біздің Ата заңымыз бар. Оңы халықтық деп есептеуге болады, өйткені оның авторы халық болып табылады. ҚР Конституциясы халықтың бірлігін белгіледі, ортақ тарихи тағдыры бар барлық ұлттарды Қазақстан жерінде біріктірді.

Ең алдымен ҚР Конституциясы қоғамдық тұрақтылықты сақтауға және нығайтуға мүмкіндік береді. Өйткені, реформаның жүргізілуі, демократияның дамуы, жаңа ұрпақтың идеологиясының қалыптасуы, барлық азаматтардың өмір сүруге лайықты жағдайлар жасалуы қоғамдық тұрақтылықсыз мүмкін емес.

Осы тұрғыда айтып кету керек, Қазақстанда бірнеше ұлт өкілдері өмір суреді, сондықтан Конституцияда қоғамдық келісіммен саяси тұрақтылық сияқты негізгі қағидалар белгіленген. Көпұлттық мемлекет жағдайында азаматтардың тенділігі, бірлігі, азаматтық бейбітшілік өмір сүрудің негізі болып табылады.

Үшіншіден, елімізде манызды реформалар жүргізілді: нарықтық экономика құрылды, демократиялық елдің негіздері қаланды.

Реформаларға тоқталар болсақ, мысалы, ҚР Конституциясының 30 бабында «Қазақстан Республикасы азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға және конкурстық негізде тегін жоғарғы білім алуға кепілдік береді» делінген [2]. Осының көрінісі ретінде жоғарғы білім беру саласында мемлекеттік қаржыландырудың мөлшері көбейтіліп отыратының айтып кету керек. Мысалы, 2014 жылдың 29 мамырында Мәскеу ұлттық технологиялық университеті Қызылорда қаласында қабылдау емтихандарын жүргізіп, 153 бітіруші түлектер бюджет негізінде 111 бітіруші бюджет емес негізінде оқуға қабылдады. Сонымен қатар, Санкт-Петербургтің мемлекеттік табиғи полимерлер технологиялық университеті қабылдау емтихандарын өткізді, соның аясында 137 қатысушылардың ішінен 41бітіруші мемлекеттік грантқа ие болды. Еліміздің басқа ЖООрындарында керекті мамандықтар бойынша Қызылорда облысы акімінің 300 гранты берілді [3].

Сонымен, «Мәңгілік ел» идеясы біздің мемлекеттің озық, кушті мемлекет болуына кепілдік береді. Әлемдік қауымдастықта бейбітшілік сүйгіш, мейірімді көрші болуға тырысатын мемлекет ретінде тәуелсіз Қазақстанның зор болашағы бар, үлкен потенциалы бар деп айтуға болады.

Қорытындылай келе, өз сөзімді Елбасының 2014 жылғы 17 қантарындағы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауындағы айтқан сөзімен аяқтағым келіп отыр.

«Біздер, қазақстандықтар – бір халықпыз!

Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.

Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді.

Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді.

Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық».

Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді.

Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық.

Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады.

Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел!

Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек» [4].

Әдебиет:

  1. Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына жолдаған «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Жолдауы. 11 қараша 2014 жыл.
  2. Қазақстан Республикасы Конституциясы. 1995 жыл 30 тамыз. – Алматы: Юрист, 2015.

3. Кызылординские выпускники получают образование в России. http://meta.kz/novosti/kazakhstan/.

  1. Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстандық жол – 2050: Ортақ мақсат, ортақ мүдде, ортақ болашақ» атты Жолдауы. 17 қантар 2014 жыл.


Задать вопрос