Библиографическое описание:

Абдраманова Г. Б., Ажмолдаева К. Б. Жоғары сынып оқушыларына «Организмдердің көбеюі мен жеке даму» тарауын оқытуда педагогикалық технологияларды пайдаланудың тиімділігі // Молодой ученый. — 2016. — №5.2. — С. 37-39.



Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру саласына жаңаша қарауда: мұғалімнің оқу — тәрбие үрдісін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды, оқушылардан танымдық, шығармашылық потенциялдық дамытуды талап етеді.Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі білім беру жүйесін, білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды, іскерлікке қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке — ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер — бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндеттер ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық — психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Бұл заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістерді сабақ үрдісінде тиімді пайдалана алатын білігі мен білімі жоғары ұлағатты ұстаз болу керек деген сөз.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8 — бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті — оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» — деп атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі — оқытудың әдіс — тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Ал білім беру жүйесінің алдындағы жаңа міндеттердің бірі инновациялық педагогикалық оқыту технологияларын пайдаланып білім сапасын арттыру.

Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Сондықтан, қай елдің болмасын өсіп өркендеуіне, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, дамыту бағытына байланысты. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділіг қашанда алға қоятынымыз анық. Мектеп оқушыларына қазіргі заман талабына сай озық технологияларды пайдалану арқылы білім беру оңтайлы тәсіл. Нәтижесінде оқушылардың бойында инновацияларды жүзеге асыруға қажетті білім мен қабілет қалыптасты, инновациялық іс-әрекетке қатысып, жаңалық жасауға және өзгерістер енгізуге деген ынтасы артқаны байқалады. Мәселен, «Онтогенез — организмдердің жеке дамуы» тақырыбындағы сабақ қарыстыруды ұйғардық.

Мақсаты: Білімділік: Организмнің жеке дамуы туралы және әр кезеңдері туралы түсінік бере отырып, оқушыларды өз беттерімен тақырыптағы негізгіні ажырата білуге, білім мен дағдыны жаңа байланысқа кіргізе отырып тереңдету. Білім көздерінің ақпаратты — коммуникативтік технологиямен ұштастыра отырып оқушыларды шығармашылық жұмысқа жетелеу;

Дамытушылық: Ақыл — ой әрекетінің дамуына оқушыларды пәнге қызықтыра отырып, қазіргі заманауи мәселені көтеріп қана қоймай, шығармашылық қабілеттіліктерін және ғылыми — тәжірибелік, зерттеушілік қабілеттерін арттыруға мүмкіндік ашу; қазіргі таңда етек алып отырған әлеуметтік проблемаларды қозғау, әрі Адамдағы постэмбриондық кезеңді ән арқылы ұғындырып, балалық шақ, жастық және қартаю кезіндегі дамудың маңызын ашу;

Тәрбиелік: Көрсетілген сюжеттер арқылы оқушылардың болашақтағы іс — әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға, адамгершілік, саяси тұлға болып қалыптасуына, белсенділік, орындаушылық, өз — өзіне баға беруге қабілетті, ынталы, шешім қабылдағыштық пен қатар адамға қатысты сезімталдық мінездерінің қалыптасуына тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ

Сабақтың әдісі: Топтау, ой шақыру, еркін микрофон, слайд

Пәнаралық байланыс: Биология, әдебиет, ән

Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Оқушыларды топтарға бөлу, суреттер арқылы (біржасушалы ағзалар: амеба, жасыл эвглена, кірпікшелі кебісше, хламидоманада;

Ұлпалар: эпителий, бұлшықет, жүйке жасушасы — нейронның; жыныс жасушалары: аталық және аналық жасушаларының суреттері беріледі). Оқушылар осы суреттерге қарап, жасушалардың бөліну түрлеріне қарай топтарды таңдайды.

І топ «Амитоз»

ІІ топ «Митоз»

ІІІ топ «Мейоз»

Топ басшылар сайлау және топ атауын қорғау

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау

«Тез, шапшаң" Ой шақыру

1. Аталық пен аналық жыныс жасушасының қосылуы.

2. Қосарланған ұрықтануды ашқан ғалымдар.

3. Ұрықтану дегеніміз не?

4. Аналық жыныс жасушаларының даму атауы.

5. Қосарланып ұрықтану дегеніміз не?

6. Жыныс жасушаларында және ұрықтанған жұмыртқа жасушасында хромосома жиынтығы қандай болады?

7. Аталық гаметалардың дамуы.

8. Эндоспермнің дамуы қалай барады?

9. Эндоспермнің триплоидтің табиғатын қай ғалым ашты?

10. Сперматогенез және овогенез сызбасын тақтағы сыз.

ІІІ. Жаңа сабақ:

Сперматозоид пен овоцит жасушаларының қосылуынан ЗИГОТА пайда болады. Ұрықтың әрі қарай дамуы ОНТОГЕНЕЗ деп аталады. тура даму

Онтогенез 1. Эмбриондық 2. Постэмбриондық

түрленіп даму

ІҮ. Мәтінмен жұмыс, мәтінді оқу. «Экипаж» ойыны арқылы мәтінді талдау.

Оқушылар карточка таңдап алады (сайлау, делегат, барлығы, сенім):

1 — Сайлау карточкасын алған топтан мұғалім бір оқушыны сайлайды.

2 — Делегат карточкасын алған топтан оқушылар өз ішінен бір-екі оқушыны дайындап, делегат ретінде сабақ айтуға жібереді.

3 — Барлығы карточкасын алған топтың барлығы сөйлейді.

4 — Сенім карточкасын алған топтан топ жетекшісі оқушылардан сұрайды, бағалайды, мұғалім cенеді. Топ мүшелері сөйлеп болған соң, бағалары бағалау парағында ұпай арқылы қойылады.

Ү. Қорытынды жасалғаннан соң оқушылар тақтаға шығып, топ мүшелеріне басқа топтар дайындаған қарама — қарсы сұрақтар қойылады.

1 — топқа сұрақтар.

1. Зигота дегеніміз не?

2. Бөлшектену кезеңінің қандай ерекшелігі бар?

3. Бөлшектенудің ересек жануарлардың жасушаларының митоздық бөлінуінен айырмашылығы қандай?

2 — топқа сұрақтар.

1. Ұрық жапырақшалары дегеніміз не?

2. Эмбрионды даму кезіндегі жасушалардың жіктелуі деген не?

3 — сұрақтар.

1. Онтогенетика нені зерттейді?

2. Мезодерма қабатында қандай мүшелер түзіледі?

Қарама — қарсы сұрақтан соң оқушылар бағалау парағын толтырады, қорытындыланады.

ҮІ. Келесі кезең эссе жазбас бұрын оқушыларға «Туылмаған сәбидің күнделігінен» атты видео сюжет көрсетіледі. Содан кейін эссе жазуға уақыт беріледі.

ҮІІ. «Постэмбриондық даму» мәтінімен танысу, тірек суреттермен жұмыс (слайд арқылы дамудың 3 жолы көрсетіледі: тура даму, шала түрленіп даму және толық түрленіп даму).

ҮІІІ. Соңғы «Қарт сөзі» атты МузАРТ тобының әні тыңдалады. Оқушылар түйінді сөздерін жеткізеді (балалық, жастық, қарттық шақ — постэмбриондық даму туралы).

ІХ. Оқушылар білімін және сабақтағы белсенділігін бағалау парақшасы арқылы бағалау.

Х. Үйге тапсырма беру: §35–36. Онтогенез — организмдердің жеке дамуы. Адам ұрығының дамуына зиянды әдеттердің әсері.

Адам тұлғасының қалыптасуына кері әсерін тигізетін жат қылықтар (жұптық жоба)

ХІ. Сабақ соңындағы кері байланысты «Тазалық» ойыны түрінде өткізу. Оқушыларға бір парақтан беріледі, онда мына суреттер бар: чемодан, қоқыс жәшігі, еттартқыш. Оқушылар бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарды чемоданға сақтайды, ал аса қажет болмаған, артық дүние болса қоқыс жәшігіне салады, бүгінгі тақырыптан әлі оқуым керек, толықтыруым керек десе, еттартқышқа салады, яғни жазады (осылайша оқушылардың бүгінгі сабақтан не білім алғандары бағаланады).

«Тазалық» ойыны:

Егер де уақыт қалса, Ой түйін.

● Мен кіммін? (тіршілік иесі, адам, перзент, маман, өз отанын сүйетін патриот)

● Бұл өмірде менің орным қандай?

● Өз орнымды адаспай табу үшін не істеуім қажет?

Топпен жұмыс барысында бірін-бірі тыңдай білуге, құрмет көрсетуге үйренеді. Сабақта қолданылатын стратегиялар көмегімен жеке тұлға ретінде жан-жақты дамыған, шығармашылық ойлау қабілеті жоғары білімді жеке тұлға қалыптастыру. Жаңашыл ұстаз болу үшін жаңа әдіс-тәсілдерді меңгерген білімді де тапқыр болу керек.

Әдебиет:

  1. Бөрібекова Ф. б., Жанатбекова Н. Ж. Қазіргі педагогикалық технологиялар. Алматы, 2014.-360 б.
  2. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары. Алматы, 2007.-144 б.
  3. Таубаева Ш. Т., Лактмoнoва С. Н., Педагoгическая иннoвация как теoрия и практика нoвoведений в системе oбразавания: научный фoнд и перспективы развитие. /Книга 1/- Алматы: Научнo — издательский центр «Ғылым» 2001.

Обсуждение

Социальные комментарии Cackle