Қазіргі білім берудегі инновациялық технологиялардың рөлі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 27 апреля, печатный экземпляр отправим 1 мая.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №5 (109) март-1 2016 г.

Дата публикации: 30.03.2016

Статья просмотрена: 10255 раз

Библиографическое описание:

Абдраманова, Г. Б. Қазіргі білім берудегі инновациялық технологиялардың рөлі / Г. Б. Абдраманова, К. Б. Ажмолдаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2016. — № 5.2 (109.2). — С. 35-37. — URL: https://moluch.ru/archive/109/26691/ (дата обращения: 19.04.2024).



Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үдерісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай білім мен тәрбие беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі — маңызды мәселелердің бірі.

Болашақта өркениеті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанда дамыған бәсекеге қабілетті елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін ол — білім. Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Инновациялық технологияларды меңгеруде мұғалімнің жан-жақты білімі қажет. Қазіргі мектеп мұғалімі: жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын, оқушымен тез тіл табыса алатын, білімді, шебер, іскер болуы тиіс.

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі — оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда мектеп мұғалімдері инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып, сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.

Білім беруде оқушы өзі ізденіп, тақырыпты оқып, түсініп, тақырып аясын кеңейтсе, жолдастарымен ой бөлігіне өз білгенін көпшілікке жеткізе алса, онда ұстаз еңбегінің нәтижесі болғаны, бұрынғы әдепке айналған оқу үрдісінде — оқушы белсенділік көрсетуге тиіс.

Бүгінгі нарық заманында "Өмір бойы білім алу» әрбір Қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс», — деп Елбасы жолдауында көрсеткендей, отандық білім беру жүйесінің дүниежүзі білім кеңістігіне енуі білім саласына үлкен өзгеріс, жаңа леп әкелді.

Енді «инновация» ұғымына тоқталатын болсақ, ғалымдардың көпшілігі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мәселен, Э.Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді: «Инновация — нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея». Майлс: «Инновация — арнайы жаңа өзгеріс, Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз» — дейді.

«Инновация» сөзі — латынның «novis» жаңалық және «in» енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның аудармасы «жаңару, жаңалық, өзгеру» деген мағынаны білдіреді.

Инновация термині қазіргі білім берудің теориясы мен тәжірибесінде кеңінен қолданылып жүр. «Инновация» ұғымы ең бірінші ХІХ ғасырда мәдениеттанушылардың зерттеуінен пайда болды. Инновация ұғымын әр елде әртүрлі түсінген. Кейбір мемлекеттерде (АҚШ, Нидерланды) бұл термин кең тараған.

Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол «Инновация, инновациялық үдеріс деп отырғанымыз — білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі" деген анықтаманы ұсынған. «Инновация» сөзі қазіргі уақытта барлық білім, өндіріс, медицина, техника салаларында өте жиі қолданылып келеді. Инновациялар қоғамның пайда болу кезеңінен бері жүзеге асырылып келе жатса да, педагогикалық категория ретінде ХХ ғасырдың 70–80 жылдарында ғана қолданысқа енгізілді.

Қазіргі инновациялық технологиялар педагогика ғылымы мен практикасының жетістіктерін, дәстүрлі тәжірибедегі құнды дүниені, әлеуметтік прогрестің жетістіктерін, қоғамдағы гуманизация мен демократия жемісін жинақтаушы қызметін атқарады.

Инновациялық білім берудің мазмұнын жетілдіру, оны инновациялау мәселелерін Ю. К. Бабанский, В. С. Библер, Ю. С. Гершунский, В. П. Кваша, В. С. Лазарев, В. Я. Ляудис, А. В. Лоренсов, В. М. Полонский, С. Д. Поляков, М. М. Поташник, А. И. Пригожин және т. б. қарастырған.

Қазақстанда білім беру саласындағы педагогикалық инновация мен оқытудың жаңа технологиясы мәселелерін Ш. Т. Таубаева, Н. Н. Нұрахметов, С. Н. Лактионова, Е. З. Батталханов, Қ.Қ.Қадашева, Т. О. Балықбаев, Ж.А.Қараев, Г. К. Нұрғалиева, К.Бұзаубақова, С. Д. Мұқанова, Н. И. Хван, Л. Е. Румянцева, З. У. Имжарова, М. М. Мұқаметқалиқызы және т. б. педагог-ғалымдар зерттеген.

Қазіргі уақытқа дейін ғылыми әдебиеттерде инновациялық үдерісті мынадай кезеңдерге бөледі. Идеяның немесе инновация тұжырымдамасының пайда болу кезеңі, мұны шартты түрде, іргелі де қолданбалы ғылыми зерттеулердің нәтижесі болып табылатын жаңалықтың ашылу кезеңі деп те атайды. Ойлап табу кезеңі, яғни қандай да бір нысанға, материалдық немесе рухани өнім-үлгіге айналған жаңалықты құру немесе ашу кезеңі. Жаңалықты енгізу кезеңі, мұнда ойлап табылған жаңалық іс-жүзінде қолданысқа еніп, қайта өңделеді және жаңалықтан тұрақты нәтиже алынады. Бұдан кейін жаңалық өз бетінше өмір сүре бастайды да, инновациялық үдеріс жаңалыққа деген алғырлық қалыптасқан жағдайда келесі кезеңге аяқ басады. Жаңалықты пайдалану кезінде мынадай кезеңдер орын алады: Жаңалықты тарату кезеңі, мұнда жаңалық кеңінен қолданысқа енгізіліп, жаңа салаларға кіреді. Нақты бір салада жаңалықтың үстемдік ету кезеңі, мұнда жаңалық бұрынғы жаңашылдық қасиеттерін жоғалта бастайды да оны едәуір тиімді жаңалықпен ұтымды алмастыру үдерісі қарастырылады. Жаңалықтың қолданылу аясын қысқарту кезеңі, мұнда жаңалық жаңа өніммен алмастырылады.

«Технология» термині алғаш рет 1904–50 жылдары шет елдерде пайда болды және ол педагогикалық процесте технологиялық құралдар мен оқыту бағдарламаларын пайдалануға байланысты болды. Технология — өнім алу барысында шикізаттың, материалдың немесе жартылай шикі заттың қалыбын, қасиетін, формасын өңдеу, әзірлеу не өзгерту әдістерінің жиынтығы.

Қазіргі кезеңде педагогика ғылымының бір ерекшелігі — баланың тұлғалық дамуына бағытталған оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. Ал бұның өзі ұстаздар қауымына зор жауапкершілік, үлкен міндет жүктейді.

Оқыту технологиясы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолындағы алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдіс, құрал және түрлерінің жүйесі болып табылады. Қажетті мазмұнды, тиімді әдістер мен құралдарды бағдарлама мен қойылған педагогикалық міндетке сәйкес іріктей білу мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты.

Осыған байланысты, әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Себебі, мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру инновациялық технологияны ендіруді міндеттейді.

Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың маңызды бір сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттілігінен туыпдап отыр. Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі инновациялық технологиялары жасалып, енгізіліп жатыр.

Инновациялық технологиялар түрлеріне жатады: ынтымақтық педагогикасы; білім беруді ізгілендіру технологиясы; проблемалы оқыту технологиясы; тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы; түсіндіру басқарып оза оқыту технологиясы; деңгейлік саралап оқыту технологиясы; міндетті нәтижеге негізделген деңгейлеп саралап оқыту технологиясы; модульдік оқыту технологиясы; жобалап оқыту технологиясы; дамыта оқыту технологиясы, компьютерлік технология, ойын технологиясы және т. б. көптеген технологиялар.

Ал соңғы жылдары оқытудың М.Жанпейісованың модульдік технологиясы мен В. М. Монаховтың оқытудың ұжымдық тәсілі, сондай-ақ профессор Ж.Қараевтың оқытуды дербестендіру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген инновациялық компьютерлік технологиясын еліміздің көптеген мемлекеттерінде қолданып жүр.

Әрбір инновациялық технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға және өзін-өзі дамытуда қолайлы жағдай жасауға қажетті объективті әдістемелік мүмкіндіктерін қамтиды. Енді осы инновациялық технологиялардың кейбіреулерінің ерекшеліктеріне тоқталсақ, мәселен, ойын элементтерін қолдана отырып мұғалім оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, зейінін арттыру мақсатында; проблемалы тапсырмалар сабақтағы қорытындылардың қандай және қалай пайда болғандығын дәлелдейді және логикалық ойлауғағ ғылыми іздену жолына бағыттау; Шаталовтың әдістемесі жаңа материал мазмұнын түрлендірсе, қайталаау жолымен есте сақтауды қамтамасыз ету; деңгейлеп саралап оқыту технологиясының принциптері — оқытуды ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында; дифференциялап оқыту — әр оқушының қабілетін, бейімділігін, қызығушылығын ескере отырып, жеке жасын дамыту қамтамасыз ететін білім беру болып табылады.

Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялармен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғышарттар қажет:

— оқу үдерісін интенсивтендіруші жаппай қолға алу;

— оқушылардың сабақтастығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру.

Оқытудың инновациялық технология бойынша әдістемелік жүйесі сапалы нәтижеге жеткізуге мүмкіндік беретін танымдық іс-әрекеттер түрлерінің мазмұнымен тікелей байланысты. Сондықтан инновациялық әдіс-тәсілдерді оқыту үдерісіне енгізу барысында танымдық іс-әрекеттер түрлерінің мазмұнын, белгілі деңгейде белсенділігін көздейді.

Инновациялық үдерістің негізі — жаңалықтарды қалыптастырып жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады.

Жаңа технологияның принциптері — оқытуды ізгілендіру, өздігінен дамитын, дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп тәрбиелеуші тұлға қалыптастыру болып табылады.

Мұғалімдердің оқыту технологияларын меңгеруде педагогикалық кеңестер, әдістемелік бірлестіктер, олардың зерттеушілік жұмыстары, шығармашылық іс-әрекеттері пайдаланылады. Барлық жаңа технологияның алдымен қоятын мақсаты — оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру.

Қазіргі білім беру саласындағы инновациялық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты білгір тұлға болу мүмкін емес. Инновациялық технологияны меңгеру мұғалімнің зейін-зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген ұстаздық келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі.

Әдебиет:

  1. Бөрібекова Ф. Б., Жанатбекова Н. Ж. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар. Алматы: 2014.-360 б.
  2. Құрманалина Ш., Мұқанова Б., Ғалымова Ә., Ильясова Р. Педагогика. Астана: Фолиант, 2012.-656 б.
  3. Тұрғынбаева Б. А. Дамыта оқыту технологиялары. — Алматы, 2000.
  4. Модернизациялық жетілдіру: дүниежүзілік тәжірибе және қазіргі Қазақстан// Республикалық ғылыми-практикалық конференция: баяндамалар және баяндамалардың тезистері-Алматы, 1995.-171 б.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, инновация.


Похожие статьи

Рынок инноваций и его структура | Статья в журнале...

Коммерческий обмен различными объектами инновационного продукта осуществляется на рынке инноваций. Рынок инноваций представляет собой совокупность...

Новшества, нововведения, инновации: определения и сущность

Приведем результаты анализа материалов, посвященных инновациям, и затрагивающих вопрос выявления смысла данного явления.

Сущность понятия «инновация» как экономической категории

В настоящее время усиливается значение инновационного фактора в экономике страны. В современных условиях развитие науки становится непременным условием создания...

Проблемы и перспективы участия России в международном...

Однако, не вызывает никакого сомнения, что это значительно снижает темпы развития российских инноваций и подрывает потенциал дальнейшего участия России в...

Роль инновационных изменений в организации

В данной статье рассмотрены проблемы управления инновационным процессом на предприятии. Выявлена классификация инноваций...

Инновационный потенциал российского гостиничного бизнеса

Инновации — это использование в той или иной сфере общества результатов интеллектуальной (научно-технической) деятельности...

Малое инновационное предпринимательство как часть...

Как показывает мировая практика, инновации в большей степени создаются в секторе предпринимательства, преимущественно...

Инновационная деятельность предприятия | Статья в журнале...

Ключевые слова: человеческий потенциал, организационное развитие, инновации, инновационная деятельность.

Виды инновационных технологий и их характеристики

Инновационная деятельность — это особый вид педагогической деятельности. – Инновации определяют новые методы, формы, средства, технологии...

Основные понятия и определения инноваций и инновационных...

В данной статье рассматриваются основные понятия и определения инноваций, включая инновационные процессы и теорию инновационного развития.

Похожие статьи

Рынок инноваций и его структура | Статья в журнале...

Коммерческий обмен различными объектами инновационного продукта осуществляется на рынке инноваций. Рынок инноваций представляет собой совокупность...

Новшества, нововведения, инновации: определения и сущность

Приведем результаты анализа материалов, посвященных инновациям, и затрагивающих вопрос выявления смысла данного явления.

Сущность понятия «инновация» как экономической категории

В настоящее время усиливается значение инновационного фактора в экономике страны. В современных условиях развитие науки становится непременным условием создания...

Проблемы и перспективы участия России в международном...

Однако, не вызывает никакого сомнения, что это значительно снижает темпы развития российских инноваций и подрывает потенциал дальнейшего участия России в...

Роль инновационных изменений в организации

В данной статье рассмотрены проблемы управления инновационным процессом на предприятии. Выявлена классификация инноваций...

Инновационный потенциал российского гостиничного бизнеса

Инновации — это использование в той или иной сфере общества результатов интеллектуальной (научно-технической) деятельности...

Малое инновационное предпринимательство как часть...

Как показывает мировая практика, инновации в большей степени создаются в секторе предпринимательства, преимущественно...

Инновационная деятельность предприятия | Статья в журнале...

Ключевые слова: человеческий потенциал, организационное развитие, инновации, инновационная деятельность.

Виды инновационных технологий и их характеристики

Инновационная деятельность — это особый вид педагогической деятельности. – Инновации определяют новые методы, формы, средства, технологии...

Основные понятия и определения инноваций и инновационных...

В данной статье рассматриваются основные понятия и определения инноваций, включая инновационные процессы и теорию инновационного развития.

Задать вопрос