Логикалық тапсырмалар-қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырудың құралы ретінде | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 4 мая, печатный экземпляр отправим 8 мая.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Педагогика

Опубликовано в Молодой учёный №23 (103) декабрь-1 2015 г.

Дата публикации: 04.12.2015

Статья просмотрена: 1953 раза

Библиографическое описание:

Ошакпаева, С. К. Логикалық тапсырмалар-қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырудың құралы ретінде / С. К. Ошакпаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 23 (103). — С. 1143-1145. — URL: https://moluch.ru/archive/103/22293/ (дата обращения: 20.04.2024).

В данной статье рассматриваются цели и задачи умственного развития детей дошкольного возраста, а так же, выявлена и обоснована необходимость развития логического мышления детей 3–7 лет. Проанализированы исторические основы логического мышления детей дошкольного возраста. На основе анализа материалов автор раскрывает роль и функции формирования элементарных математических представлении по средствам логических задач.

This article discusses the historical foundations of the development of logical thinking andpeculiarities of formation of elementary mathematical representation of preschool children by means of logical problems.

Мектеп жасына дейінгі балаларды тиянақты білім, іскерлік дағдымен қаруландыру қоғамымыздың кезек күттірмейтін талабы. Ондай талаптарды орындаудың бірден бір жолы — ақыл-ой тәрбиесі болып табылады. Ақыл-ой тәрбиесінің мақсаты — балалардың ақыл-ой күштерін және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту. Ақыл-ой тәрбиесі барысында балалардың танымдық қызығушылықтары, логикалық ойлау, есте сақтау, зейін қою, елестету қабілеттері, икемділіктері мен дарындылықтары дамиды.

Ойлау дегеніміз — ақиқат дүниені өзара барлық байланыс қатынастарымен сәулелендіретін, миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленетін процесс [1, 415 б].

Халық педагогикасы бойыиша ақыл-ой тәрбиесі деп шәкірттердің ойлау қабілеттерін, сана-сезімін оқу және еңбек процесінде дамытуды айтады. Ғылыми педагогикалық анықтамасы бойынша ақыл-ой тәрбиесі деп балалардың ақыл-ой күштерін, ойлауын дамытудағы және ақыл-ой еңбек мәдениетін дарытудағы тәрбиешілердің мақсатты іс-әрекетін түсіндіруді айтамыз [2, 67 б.].

Ғылыми тұрғыда тәрбиенің бұл түріне көптеген анықтамалар берілген. Мысалы, Р.М.Қоянбаевтың «Қысқаша педагогикалық сөздігінде» келесідей анықтама беріледі: Ақыл-ой тәрбиесі дегеніміз — балалардың ақыл-ой күшін, ойлауын дамыту және ақыл-ой еңбегі мәдениетін дарыту үшін атқарылатын мақсатты іс-қызмет түрі. Ақыл-ой тәрбиесі білім қорының жинақталуына, оқу-танымдық операцияларды меңгеруге тікелей ықпал етеді. Адамның ақыл-ойы — барлық адамдарға тән адам миы қызметінің өнімі.

Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері:

        танымдық қызығушьшықты дамыту;

        танымдық белсенділікті қалыптастыру;

        белгілі білім көлемін меңгеру;

        ғылыми көзқарасты қалыптастыру;

        ақыл-ой күштерін, қабілеттерін дамыту;

        ғылыми ақпараттар ағысында өз бетінше білім алуға ынталандыру [3, 38б.].

Логика дегеніміз не? Біз логика деген ұғымға сананы дамытушы құрал немесе жақсы дамыған ақыл ой деген анықтама берер едік. Бірақ ғылыми тұрғыда қарағанда логика сөзінің тарихы тереңде жатыр. Логика дегеніміз — тек жақсы әрі тез деген ұғымдармен шектелмейді. Оның әлі де зерттелмеген дүниесі көп-ақ. Енді жалпы логика ұғымының анықтамасын қарастырайық.

«Логика» деген сөз грек тілінен аударғанда келесі екі мағынасы бар сөзді білдіреді:

        қисын. Мысалы істің қисыны, қисынның жоқтығы.

        ойлау туралы ғылым.

Ал, логикалық деген сөз қисындылық, қонымдылық дегенді білдіреді. Логика (грек. logike), дәлелдеу мен теріске шығару әдістері жөніндегі ғылым, белгілі бір әдіс қарастырылатын ғылыми теориялар жиынтығы.

Логика философияның негізгі бөлігі болып табылады, өйткені философия “оймен басталып, оймен жалғасады, сондықтан оны кейде “ойлау туралы ойлау” деп те анықтайды. Логиканың философиямен қандай байланысы болуы мүмкін? Философия ол өмірдің қатпарлы шешуі жоқ мәселелерін зерттеу, қиындықта жол таба білу. Логика тарихы философия тарихымен тығыз байланысты. Логиканың алғашқы тарихи нұсқасын б. з.б. 4 ғасырда ежелгі грек философы Аристотель жасаған. Ол дедуктивтік ой қорытулар теориясын (яғни силлогистиканы) қалыптастырып, логика қателердің алғашқы жіктелімін жасап берді және логикалық дәлелдеу туралы ілімнің негізін қалады [4, 642 б.].

Жалпы логикалық ойды дамытуды тәрбиелеу тәжірибесі алғашқы адамдармен бірге пайда болған. Ерте дүниедегі адамдар балаларының логикалық ойлауын дамыту үшін ойын әлементтерін пайдаланғанын Қазақстан территориясындағы тамғалы тастардағы суреттерден байқауға болады [5,157 б.]. Тастағы жазулар мен өрнектер суретшінің замандастары математикалық логикалық ойлауға икемді болғандарын көрсетеді.

Ерте дүниедегі едәуір дамыған мемлекеттер — Қытай, Үндістан, Египет, Грецияда — логикалық ойлауды тәрбиелеудің тәжірибелерін жинақтауға, теоретикалық бастамаларды саралауға қадам жасалған (инь және янь мектебі, жуцьзя мектебі — Конфуцияны жақтаушылар, миньцзя — софистер, фацзя — легистер немесе заңшылдар мектебі, дао (жалпыға бірдей ұлы заң) және дэ мектебі — даосистер).

Ертедегі Қитай философиясы әрқилы, өмір сүруге қажетті даналыққа, заттардың табиғидамуына, балалардың логикалық ойлауын дамытуға (мысалы, манускриттердегі Египед үшбұрышы, Танграм бас қатыру есебі т.б.) бағытталған. Кейінкеле, қоғамдық өмірді адам үшін қауіпті деп, қоғамнан шет өз-өзімен болуға, ешнәрсе істемеуге, дәстүрлерді орындап, мемлекет басшыларына сенім артуға бағытталған. Бұл антицентрлік көзқарас тым ертеде қатты дамыған логикалық ойлауды дамыту үрдісінің тежелу себептерінің бірі болды.

Ерте грек философиясының көрнекті өкілі — Демокрит (б.э.д. 460–370 ж.ж.) тәрбиелеудің жалпылама еңбегін жазды. Ол баланың дене тәрбиесі мен логикалық ойлауын дамытуды қатар жүргізуді, табиғатқа жақын болуды уағыздады. Оның қанатты афоризмдері терең мағынаға толы: «Жақсы адам болу, табиғаттан гөрі, еңбек етуге, логикалық ойлауды дамытуға байланысты». Ол кездің логикалық ой теоретиктері Сократ, Платон, Аристотель (логиканың атасы) болған. Ертедегі рим философы және педагогы Марк Квинтиллианның «Шешендік білім» шығармасы сол кездегі грек-рим логикалық ой дамуының қорытындысы іспеттес болды. Оның еңбегі ұзақ жылдар бойы Цицерон шығармаларымен қатар логикалық ойды дамыту жайындағы негізгі кітап есебінде қабылданған.

Барлық ғылым салалары сияқты логикалық ойлауды дамыту өмір мұқтаждықтарынан шыққан. Кейінен бұл идеялар Соркаттың еңбектерінен бастау алып, Рим философтарының еңбегінен көрініс тапқан. Сонан кейін Я.А, Коменскийдің, И. Г. Пестолоццидің, А. Дистервергтің т.б. еңбектерінде одан ары дамытылды [6, 271 б.].

Математикадағы логикалық ойлаудың аспектілері біздің отандастарымыздың еңбектерінде айқындалған. Барлық шығыс ғалымдары Аристотельден кейінгі екінші ұстаз деп атаған Ұлы ойшылдардың бірі Әбу Насыр Әль-Фараби педагогикалық мәні бар көптеген еңбектер қалдырды. Оның өлеңдер жинағы, логикалық, музыкалық, шешендік, математикалық, физикалық ж.б. трактаттарының үлкен ғылыми мәндері болған. Ол өзінің «Логикаға кіріспе бөлімдері» деп аталатын трактатында білім мен логикалық ойлау негіздерініңталдауына тоқталады. Әль-Фараби логикалық, математикалық, музыкалық, эстетикалық дамуды және дүниені геометриялық қабылдауды насихаттады.

Қазақ тарихындағы «Орхон ескерткіштері» (Күлтегін, VII ғ.), философиялық мағынасы бар мифтер жинағы — «Қорқыт ата» кітабы, құрамында латын-парсы-қыпшақ және қыпшақ-неміс-латын сөздігі және жұмбақтар жинағы бар (13–14 ғ.ғ., «Куманикус») қыпшақ қолжазба кітабы өз кезіндегі тұрмыстық өмірде ағартушылық роль атқарған және балалардың логикалық ойлауын дамытуды көздеген.

Жүсіп Баласағұни белгілі «Құтты білік» поэмасында білім алуға, адамгершілікке шақырды. Ол адамның шексіз танымдық, логикалық ойлаумүмкіндіктерінің бар екені жөнінде айтып, адамның өзін қоршаған ортасын зерттеуге шакырды. «Құтты білікте» ол: «Көрікті істердің барлығы да ақылмен (қисынды — логикалық ойлаумен) істелген», — деп жазды.

Ерте дәуір ойшылдарының салып кеткен сара жолын қазақ әдебиетінің ірі өкілі, хан Абылайдың кеңесшісі дана адам Бұқар жырау жалғастырды. Дара туған хандарға ақыл айтып екі елдің арасында бітім жасап отырған мұндай адамдар қазақ топырағында сирек болған. Болашаққа көз жүгірте отырып, алда күтіп тұрған оқиғаларды ақыл-оймен айта білген Бұқар жырау нағыз дана адам болған. Логика қалтарыста жол табу формасы екенін Бұқар жырау дәлелдеді. Жалпы алып қарағанда логика ол-өмір сүру формасы, логика ол-стратегия есебінде қарастырды.

Ұлы ақын, философ, педагог Абай Құнанбайұлы балалардың логикалық ойлауын дамыту мен адамгершілік тәрбиесін бір-бірінен ажыратпаған. Табиғатпен байланыста оқытуды жақтаған Ш. Қудайбердиев, еңбектерінде табиғат аясында бала күшті, ақылды болып өсетіні жөнінде жазып, баланы логикалық ойлауға тәрбиелеу қажеттігін насихаттады. Логикалық ойлауды дамыту — ең әуелі математикалық оқу үрдісінде, есептер шығару барысында қамтамасыз етіледі. Жеке адамның логикалық ойлауын қалыптастыру математикалық және басқа оқытулардың негізгі мақсаты болуы тиіс. Себебі, логикалық ойлау адам (қоғам) мен табиғат қатынасының реттеушісі болып табылады.

Қазақтың Ұлы ағартушылыры Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, С.Торайғыров, А.Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев [7, 261 б.] өз кезінде осы көзқарасты қолдаған және өз еңбектерінде халықтың санасын ояту жолдарын іздеген. Абай Құнанбаевтың «Қара сөздері», Шәкерім Құдайбердиевтің «Анық пен танық» өлеңінің, Ыбырай Алтынсариннің «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесінің т.б. шығармалардың үлкен педагогикалық мағынасы бар.

Логикалық ойлау қабілеті дамыған бала, өмірдің қиын ситуацияларында жол тауып шығатынын Ыбырай Алтынсарин қызықты әңгіме жанрында баяндайды.

3–7 жастағы балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда математикалық түсініктердің ықпалы өте зор. Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру — мектеп жасына дейінгі математиканы игерудегі ойлау әрекеттерінің әдістері мен тәсілдерді және білімдерді қалыптастырудағы жүйелі ұйымдастырылған үрдіс болып табылады.

Осы тұрғыда А. М. Леушина өзінің «Формирование элементарных математических представлений у детей дошклоьного возроста» атты еңбегінде «мектеп жасына дейінгі баланың бойында қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру дегеніміз — балаға ғылыми білім жүйесін беру емес, өздерін айнала қоршаған шындық дүниені сандық, кеңістік және уақыт қатынасында көре білуге үйрету» деп тұжырымдайды [8, 21 б.].

Сонымен қатар, мектеп жасына дейінгі балаларда ақыл-ой тәрбиесінің негізі саласының бірі — қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру проблемасына педагогтардың, психологтардың, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған. Бұл проблемалардың кейбір қырлары Я. А. Коменский, К. Д. Ушинский, М.Монтессори, Б. И. Тихеева, М.Сәтімбекова және т. б. ғалымдардың еңбегінен орын алады.

Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру төмендегідей міндеттерді шешуге ықпал етеді:

        санау және өлшеу дағдыларын қалыптастыру, оларды түсініктілік пен тұрақтылыққа жеткізу;

        мектеп жасына дейінгі балаларды көрнекі-бейнелі ойлауға үйрету және ақыл-ой әрекетін қайта құрудың алғы шарттарын, сөздік логикалық ойлауға өтуін дамыту;

        балалардың ақыл-ой қабілетін, өзбетінше ойлауын, ойлау операцияларын талдау, біріктіру, салыстыруды, кеңістікті қиялды дамыту [9, 10 б.].

Логикалық ойлаудың ерекшелігі–қорытындылардың қисындылығында, олардың шындыққа сай келуінде. Логикаға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдарлары қатесіз анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады.

Мектеп жасына дейінгі балаларға ақыл-ой тәрбиесін берудегі пәрменді құралдардың бірі — логикалық ойлауға негізделген тапсырмалар (логикалық тапсырмалар, қызықты жұмбақтар, басқатырмалар т. б.) болмақ.

Қазіргі заман педагогтарының жұмысы бала тәрбиесінің мәңгілік проблемаларын шешуге, яғни олардың өз бетімен жұмыс істей білмейтіндігін, мақсатсыздығын, логикалық ойлай алмайтындығын жоюға бағытталуы тиіс. Ал, мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мәселелерімен айналысатын педагог-тәрбиешілер баланы оқытудағы басты проблема — балалардың оқу пәндеріне қызықпаушылығы, солардың ішінде, әсіресе, математикаға қызықпаушылығы болып отырғанын атап көрсетті. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысында логикалық тапсырмаларды пайдалану әсіресе қарапайым математикалық түсініктерді игеруде үлгерімі нашар балалардың базалақ математикалық компетенцияларын қалыптастырудың ерекше әдістемесі болып табылады.

Әдебиеттер тізімі:

  1.                Жарықбаев Қ. Психология. — Алматы, 2002. — 415 бет.
  2.                Қожахметова К. Ж. Халықтық педагогиканы зерттеудің кейбір ғылыми және теориялық мәселелері. А., 1993..
  3.                Қоянбаев Р. М. «Қысқаша педагогикалық сөздік». А. 2003. 37–38б.
  4.                Қазақстан Ұлттық энцик-сы. (І-т.) Бас ред. Ә.Нысанбаев. А., 1998. 642 б
  5.                Медоев А. Г. Гравюры на скалах. — Алматы, 1979. — С. 157.
  6.                Калашников В. Л. Философия. — М., 2003. — 271 с.
  7.                Қожабеков Т. Көк сеңгірлер. — Алматы, 1992. — 74: 253. — 264 б.
  8.                Леушина А. М. «Формирование элементарных математических представлений у детей дошклоьного возроста». М. 1974. 19–21 б.
  9.                Сейдахметова А. Даярлық сынып оқушыларының логикалық ойларын дамыту жолдары. // Бастауыш мектеп, 2000. № 8,9.
Основные термины (генерируются автоматически): логик, мена, VII, бар, дошкольный возраст, логическое мышление детей.

Похожие статьи

Условия развития логического мышления детей старшего...

Основные термины (генерируются автоматически): логическое мышление, старший дошкольный возраст, дошкольный возраст, ребенок

Развитие логического мышления у детей старшего дошкольного возраста посредством дидактических игр.

Развитие логического мышления дошкольников посредством...

логическое мышление, игра, ребенок, задача, старший дошкольный возраст, мыслительная деятельность, познавательная способность детей, познавательный интерес детей, логическое мышление детей...

Развитие основ логического мышления у старших...

логическое мышление, игра, ребенок, задача, старший дошкольный возраст, мыслительная деятельность, познавательная способность детей, познавательный интерес детей, логическое мышление детей...

Развитие логического мышления у детей дошкольного...

У детей дошкольного возраста основными являются первые два вида мышления.

Основные термины (генерируются автоматически): предмет, признак, дошкольный возраст, свойство, умение, ребенок, логическое мышление, игра, слово, группа.

Развитие логического мышления у старших дошкольников

Ключевые слова: логическое мышление, мышление старших дошкольников. В современной практике дошкольного образования развитию логического

Развитие логического мышления у детей старшего дошкольного возраста посредством дидактических игр.

Развитие логического мышления у детей старшего...

В статье поднимается вопрос развития логического мышления у детей старшего дошкольного возраста, рассказывается о значении дидактических игр для развития логических приемов умственных действий у дошкольников.

Использование логических блоков Дьенеша в интеллектуальном...

Способствовать развитию у детей логического мышления, комбинаторики, аналитических способностей

Е. В. Михеева «Новые подходы к организации логико-математического развития детей дошкольного возраста» журнал «Детский сад: теория и практика» № 1, 2012.

Занимательный развивающий материал как средство развития...

Учёными установлено, что интеллектуальное развитие детей в дошкольном возрасте происходит намного интенсивнее.

Исходя из логики решаемой нами задачи и, учитывая особенности организации образовательного процесса в школе раннего развития «Ступеньки к...

Логические блоки Дьеныша как ступень к успешному овладению...

Ключевые слова: развитие, математика, логика, мышление, память, внимание. Математика — это язык, на котором написана книга природы.

Использование логических блоков в играх с детьми дошкольного возраста с ОНР.

Дидактическая игра как средство развития логического...

Уже в дошкольном возрасте нужно создавать необходимые условия для развития интеллектуально — познавательной деятельности.

В таких играх у детей развивается память, внимания, логическое мышления.

Задать вопрос